«Бизнес академия Дара» ЖШС  
ТОО «Бизнес-академия Дара»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі "Бизнес академия Дара" ЖШС есебі.

2025 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі

"Бизнес академия Дара" ЖШС есебі.

 

Қосшы қаласының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.

Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.

            Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:

- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;

- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;

- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;

- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

"Бизнес академия Дара" ЖШС мемлекеттік қызметтің 1түрін көрсетеді:

 

1. Балаларға қосымша білім беру қызметін көрсету бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және үйірмеге қабылдау

 

Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар  Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңнын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.

2025 жылы мемлекеттік қызметтің 1 түрі бойынша 341  бала қабылданып документтері қабылданып,қызмет түрі уақытында көрсетілді. Қалалық білім беру бөліміне қағаз түрінде  1 жылда 12 қызмет түрі тапсырылды

         Қосшы қаласында мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады.

           2025 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.

        Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) турашылдық;

4) туралық

        Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін  2026 жылы  мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.

    «Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қаласы, Зайсан  көшесі 44, "Бизнес академия Дара" ЖШС телефон нөмірлері: 8(7072311763) электрондық мекенжайы: info@academydara.kz

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

 


Текст